Ақылдасып шешер жайлар бар

Аудан тынысы

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өткізілді.

Оған пленум мүшелері, зейнеткерлер, бөлім басшылары, округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев күн тәртібімен таныстырып, өзінің бір жыл бойы атқарған жұмысынан баяндама жасады. Бастауыш ұйымдар төрағаларына жағдай жасалу қажеттігін тілге тиек етіп, Теңіз, Байда, Жаңаталап, Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңестеріне арнайы бөлме бөлінсе деген ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар, кейбір ауылдық кеңестерде зейнеткерлердің нақты есебі жоқ екенін ескертіп, жуық арада олардың толық тізімін шығаруды, алдағы қазан – қамқорлық айында игі шараларды ұйымдастырып, ардагерлерді ұлығылауды тапсырды. Пленум барысында О.Құмарғалиев 2017 жылы «Батаменен ел көгерер» атты облыстық байқаудан жүлделі оралған нұржаулық аузы дуалы ақсақал Мәдениет Харесовке облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуановтың бастамасымен әзірленген жинақ кітапты салтанатты түрде табыстады.

А.Шакупова