Ақпараттық дәуірге аяқ басу

Аудан тынысы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың іргелі еңбектерінің, ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларының электрондық үкіметті дамытуға бағытталған саяси шешімдерінің мәні аса зор. Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

 Елбасымыз бұл маңызды мәселеге ерекше мән беріп, электрондық үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, әкімшілік реформаларды жүргізудегі басты міндеттердің қатарына қойды.

Президентіміздің электрондық үкіметті дамытуға арналған шешімдерін басшылыққа ала отырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында, Орлы ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратынан 2017 жылдың тамыз айынан бастап арнайы кабинет ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет жасай бастады.

Орлылықтар осы уақыттан бастап, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ «Egov.kz» веб-порталынан анықтама түрлерін алуға қол жеткізді. Тұрғылықты жерден мұндай жағдайдың жасалғандығына олардың баршасы да дән риза.

Электронды портал халыққа қызмет көрсетудің заманауи үлгісі болғандықтан, ауыл тұрғындарына, мекеме ұжымдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы уақыт аралығында 500-ден астам қызмет түрі көрсетілді. Ал, 110 отбасы өз үйлеріндегі жеке компьютерлері веб-порталдың қызметіне жүгінді. Бұл аталған жұмыстың барлығы Елбасымыз айтқандай жаңа ақпараттық дәуірге аяқ басуымыздың айқын белгісі, бастауы болмақ.

А.НУРУМОВА, Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының «Egov.kz» веб-порталы арқылы қызмет көрсету маманы.