Ерікті өрт сөндірушілер сақадай сай

Аудан тынысы

Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 68 бабына сәйкес, барлық ауылдық округтерде ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды.

Мақсаты – дала өрттері, сондай-ақ, ұйымдар мен елдімекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру. Облыс әкімі Н.Ноғаевтың 2017 жылғы 10 шілдедегі «Дала өртінің алдын алу және орман шаруашылығы мекемелерінің жазғы өрт қауіпті кезеңіне дайындықтары туралы» хаттамалық тапсырмасына сәйкес ерікті өрт сөндірушілерді алғашқы даярлықтан өткізуді міндеттеген болатын.

Осыған орай, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан бойынша құрылған 25 ерікті өрт сөндіру жасақтарының 100-ге тарта мүшелері алғашқы даярлық курсынан өтіп, қорытындысында оларға арнайы сертификаттар табысталды. Оны Атырау қаласындағы «Нұр-Дос Сервис KZ» ЖШС мекемесі өткізді. Курс кезінде оқу-тактикалық жаттығулар ұйымдастырылып, теориялық сабақтар жүргізілді.

Нұрдәулет Дәрелов,

аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру бөлімінің басшысы.