Арулар байқауында

Жаңалықтар

АУДАННЫҢ 90 жылдық мерейтойы аясында “Құрманғазы аруы-2018” аудандық арулар байқауы ұйымдастырылды. Арулар өзін таныстыру, қол өнер, сәнді киім үлгісі, зияткерлік, өнер көрсету аталымдары бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысымен Дыңғызыл және Қиғаш ауылдық округтерінен келген Аида Шайхиева мен Айнұр Исмаилова Алғыс хаттармен марапатталды. Орлылық Нұрсезім Шапихова мен нұржаулық Мөлдір Серікқалиқызы ІІІ орын иеленді. Сафондық Әсем Құмарова жүлделі ІІ орын алса, байдалық Аэлита Ертарғынова І орыннан көрінді. Бас жүлде Еңбекші ауылдық округінен қатысқан ару Жансая Жексенбаеваға бұйырып, “Құрманғазы аруы-2018” атанып, арнайы тәж киді. Барлық қатысушыларға дипломдар, Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мейрамгүл ҒАЛИМОВА, аудандық мәдениет үйінің әдіскері.